Шенеунікке пара бермек болған шымкенттік әйел 195 миллион теңге айыппұл төлейді
Шымкентте ірі көлемде пара бермек болған әйелге сот үкімі шықты. Ол 195 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айыпталушы Т. спирт өнімдерін өндіру, сақтау және сатуға қатысты заңсыз әрекеттері үшін экономикалық тергеу департаменті қозғаған қылмыстық іс туралы хабардар болған.
“Осы істен құтылу және жалпы қамқорлыққа ие болу мақсатында ол биыл мамыр айында департамент басқармасының басшысымен кездесіп, оған 20 000 доллар мен 1 миллион теңге пара берген. Ол осы сәтте ұсталды", — делінген сот материалдарында.
Сотта айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Сот отырысында прокурор айыпталушыны айыппұлмен жазалауды сұрады, ал айыпталушы әділ шешім шығаруды өтінді.
"Сот шешімі бойынша Т.-ның кінәсін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Айыпталушы кінәлі деп танылып, пара сомасының 20 еселенген көлемінде айыппұл салынды. Бұл 195 641 856 теңгені құрайды. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды", – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.