Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізудің салдары

Көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізудің салдары

Арал аудандық сотында азамат Ә-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі- ӘҚБтК) 608-бабы 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы қабылданған.
Сотта анықталғандай, Ә. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, көше бойында орналасқан түнгі жарық беру бағанына және темір қоршауға соғып, жәбірленушіге мүліктік залал келтірген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольді еліту күйінде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ә. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Арал аудандық соты

Сурет: kaz.nur.kz

11 желтоқсан 2024 ж. 125 0