Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айрыла тұра көлік тізгіндеген азамат әкімшілік қамаққа алынды

Басқару құқығынан айрыла тұра көлік тізгіндеген азамат әкімшілік қамаққа алынды

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында көлік басқару құқығынан айрылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат Ж. 2022 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрыла тұра, ағымдағы жылдың 9 қарашасы күні көлік құралын басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ж. аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ бола тұра көлiк құралын басқарған тұлғаларға қатысты 13 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, ӘҚБтК-нің 612-бабында көзделген құқық бұзушылық құрамының белгілеріне қарай әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген.
Арал аудандық соты
21 қараша 2023 ж. 409 0