Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басқару құқығынан айырыла тұра, көлiк тізгіндеген азаматқа сот қомақты айыппұл салды

Басқару құқығынан айырыла тұра, көлiк тізгіндеген азаматқа сот қомақты айыппұл салды

Әкiмшiлiк жаза, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданылатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен бостандықтарынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
Ондағы мақсат, құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алуды көздейді.
Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.
Мәселен, Арал аудандық сотында көлік басқару құқығынан  айырылса да, заң талаптарын елемей, көлік тізгіндеген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азамат К. 2020 жылы сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні көлік құралын басқарған.

Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 153 150 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
17 наурыз 2022 ж. 533 0