Жүргізу құқығынан айырылған азамат әкімшілік қамаққа алынды

Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Айта кету керек, жыл басынан бері аудандық сотта жүргізу құқығынан айырыла тұра, көлік тізгіндеген тұлғаларға қатысты 7 әкімшілік іс қаралып, әкімшілік жауаптылық түрлері белгіленген.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі