Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы К. 31 желтоқсан 2018 жылы сағат 02:30 шамасында, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «ИЖ Планета-4» маркалы мотокөлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
14 қаңтар 2019 ж. 953 0