Залалсыздандырудың маңызы неде?
Дезинфекция (залалсыздандыру) дегеніміз – сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын әртүрлі дезинфекциялық препараттарды және құрал-жабдықтарды қолдана отырып жоюғабағытталған шаралар жүйесі. Яғни жұқпалы және паразитарлық аурулардың кең таралып кетуін болдырмау үшін қолданылатын шаралардың бірі.
Қолдану мақсатына қарай дезинфекция (залалсыздандыру) екі түрге бөлінеді: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).
Сақтық ( профилактикалық) залалсыздандыру шаралары емдеу-сауықтыру мекемелерінде ауруханаiшiлiк инфекцияның алдын-алу мақсатымен жүргiзiледi.
Ошақтық залалсыздандырудың ағымдық түріндеинфекциялық және паразиттік ауру ошағындағы ағымдағы дезинфекциялауды науқасты күтетін адам, реконвалесцент немесе бактерия тасымалдаушы науқасты анықтаған сәттен бастап ауруханаға жатқызғанға дейін, үйде емдеу кезінде – сауыққанға дейін, реконвалесценттерде және бактерия тасымалдаушыларда – толық санацияға дейін жүргізеді.
Дератизация – індет ауруларын тарататын кеміргіштерді (егеуқұйрық, тышқан, саршұнақ және т.б.) жоюға немесе санын азайтуға бағытталған іс-шараларының кешені.Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді.
Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпан қою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпен ұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улы зат, газдар пайдалану) әдістері қолданылады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Дезинсекция (– ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын малдәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі.
Жәндіктерге қарсы күрес үшін дезинсекцияның физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық әдістері қолданылады. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді
жою үшін улы препараттар (ДДТ ,гексахлоран, хлорофос , аграм және т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.
Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды жоспарланып отырған іс-шаралардың жүргізілуі және қажетті сақтық шаралары туралы хабардар етеді. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануарларының болуына жол берілмейді.
Дезинфекция, дератизация,дезинсекция жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде осы шараны жүргізуге арнайы ұлықсаты бар мекемелер мен жеке кәсіпкерлер жүргізеді.
Осы шараларды жүргізу кезінде төмендегі жалпы қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс:
1.Жұмыс жүргізу үшін жасы 18- ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.
2.Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.
Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнайы оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
Дезинфекция, дератизация, дезинсекциялық жұмыстарын жүргізетін адамдар жұмыс істеу барысында арнайы киіммен:халат, аяқ киім, респираторлар, резиналық қолғаптар, көзілдіріктер кию қажетжәне жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Дезинфекциялық,дератизациялық,дезинсекциялық шараларға қолданылатын улы препараттаржелдетілетін, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталған арнайы үй-жайларда,қоймаларда сақталады.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Сурет: newqazaq.kz