Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

Арыста дезинфекция жұмыстары басталды

Арыстағы төтенше жағдайға байланысты қала аумағында дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында Жамбыл және Қызылорда облыстарынан арнайы мамандар тобы келді, Дереккөздің мәліметінше, бұл топтар өздеріне бөлінген аумақтарды тазартқанша бірнеше күн жұмыс істейді.
"Жамбыл облысынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінен және өзге де залалсыздандыру орталықтарынан жалпы саны 30-ға жуық маман келді. Ал Қызылорда облысынан ұлттық сараптама орталығының осы өңірдегі филиалынан 17 маман келсе,  өзге де осы салаға жауапты мамандар залалсыздандыру жұмыстарын бастап кетті. Бұл бригадалардың бәрі техникамен, қажетті құрал-жабдықпен, қамтылған", - деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер. Арыста қаза тапқандар саны көп деген хабарламалар жалған - ІІМ Еске салайық, 24 маусымда сағат 9.20-да Арыс маңындағы әскери бөлім территориясында орналасқан қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілер жарылған болатын. Кейінірек Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа барып, жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған еді.
https://kaz.tengrinews.kz
27 маусым 2019 ж. 652 0