Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыстағы жарылыс: 23 адам ауруханаларға жеткізілді

Арыстағы жарылыс: 23 адам ауруханаларға жеткізілді

Арыста орын алған апаттан 23 адам әртүрлі дене жарақаттармен Түркістан облысына қарасты ауруханаларға жеткізілді,  Олардың басым бөлігі Облыстық клиникалық ауруханада жатыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Арыстағы жарылыс салдарынан үш адам ауыр жарақат алды Осыған дейін, Арыстағы төтенше жағдайға орай Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылғаны хабарланды. "Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруымен шұғыл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ордабасы аудандық орталық ауруханасынан және Облыстық клиникалық ауруханасында 200-ден аса науқасқа арналған орын дайындалды. 30 жедел жәрдем көліктерін Шымкент қаласына кірер 3 жолға қойылды. Тағы да қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан алдырылған қосымша жедел жәрдем көліктері дайын", - делінген хабарламада.  Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді Облыстық клиникалық ауруханадан травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлер құрылған медициналық штабқа жиналды. Қазіргі кезде жарақат алғандар жоқ. Эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арыс қалалық орталық ауруханасы мен емханасынан науқастар эвакуация жасалды. Мамандар да жедел жәрдем көліктері де облыс бойынша жеткілікті.
https://kaz.tengrinews.kz
24 маусым 2019 ж. 1 102 0