Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

Көлікті масаң күйде жүргізген жүргізуші үшін тағайындалатын жаза қаншалықты қатал болса да, ішімдік ішіп көлік жүргізу әрекеті тыйылмай келеді.
Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қатарын, масаң күйде көлік тізгіндеген азаматқа қатысты іс құрап отыр.
Азамат Т. көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра, 4 қаңтар күні «Лада Калина» маркалы автокөлігін алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде тізгіндеген. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші орташа дәрежелі алкогольді масаң күйінде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Т. жасаған құқық бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.
Мас жүргізуші өз өміріне қауіп төндіріп қоймайды, сонымен қатар айналасындағылардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да, ішімдік ішіп көлік басқару орны толмас қайғыға себепші болатынын естен шығармайық.

Арал аудандық соты


06 қаңтар 2025 ж. 41 0