Суық тигізіп алмаудың жолдары қандай?
![](/uploads/posts/2025-01/1736401545_9.jpg)
Дәрігерлер қыста да, жыл бойы да денсаулықты сақтаудың бірнеше негізгі тәсілдерін ұсынады:
Қолды жиі жуыңыз. Бұл қарапайым, бірақ өте тиімді әдіс.
Бетіңізді жиі ұстамауға тырысыңыз. Адамдар сағатына 9-дан 23 ретке дейін бетін ұстайды екен.
Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз. Орта есеппен күніне 8 стақан, бірақ бұл адамның салмағы мен өмір салтына байланысты.
Дұрыс тамақтаныңыз. Қара-жасыл жапырақты көкөністер иммунитетті нығайтатын дәрумендерге бай. Ал жұмыртқа, фортификацияланған сүт, ақсеркеде D дәрумені мол.
Қыста да белсенді болыңыз. Жаттығу денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Ұйқыңызды қандырыңыз
Еденді жиі жуып, бөлмені желдетуді естен шығармаңыз.
Қыс мезгілінде мұрын мен тамақ құрғаса, ылғалдандырғыш құрал қолданыңыз.
Жыл сайын тұмауға және басқа да вирустарға қарсы екпе алыңыз.
Осы қарапайым, бірақ тиімді кеңестерді ұстана отырып, қысты сау әрі сергек өткізуге болады. Аурудың алдын алу – әр адамның өз қолында.
Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ашық дереккөзден алынды