Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Күніне қанша су ішу керек?

Күніне қанша су ішу керек?

Дәрігерлер жеткілікті мөлшерде су ішудің қаншалық маңызды екенін үнемі еске салады. Жазда ауа температурасының жоғарылауынан біз көп сұйықтық жоғалтамыз, сондықтан су көп ішеміз. Ал күз бен қыста қанша су ішу керек? Дәрігер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.

"Инвитро-Орал" бас дәрігері Надежда Подкорытованың айтуынша, суық мезгілде де суды жаздағыдай мөлшерде ішу керек. Яғни дене салмағының әр килограммына 30 миллилитрден есептеу керек, ал ересек адам үшін су мөлшері күніне кемінде 1,5 литр.
    "Біздің ағзамыз күз бен қыста шөлдегені туралы сигналды аз жібергенімен, дегидратация қаупі жаздағыдай қалады. Орталық жылыту мен жылытқыштар ылғалдың ауадан ғана емес, адам ағзасынан да жойылуына ықпал етеді", - деп түсіндірді Надежда Подкорытова.

Сонымен қатар, суық мезгілде адамдар қалың киінетіндіктен, жаздағыдай айқын болмаса да, терлейді.

Қыста суды аз ішсеңіз не болады?

Суық мезгілде ағзадағы судың жетіспеушілігі сыртқы келбетке әсер етіп қана қоймай, жиі инфекциялар мен суықтап қалуға әкелуі мүмкін. Әсіресе балалар мен қарттардың  су ішу режимін қадағалап отыру керек.

Дәрігер күз бен қыста су балансын сақтау неге әсер ететінін түсіндірді.

ЖРВИ алдын алу. Егер сіз жеткілікті мөлшерде су ішсеңіз, ауруға шалдығу қаупі азаяды. Себебі шай мен кофеге қарағанда, қарапайым су зат алмасудың барлық процесіне қатысып, денеден қажетсіз заттарды шығаруға көмектеседі.

Вирустардан жақсы қорғаныс. Денедегі сұйықтықтың жетіспеушілігімен тыныс алу жолдарының шырышты қабаты кеуіп кетуі мүмкін, салдарынан олардың жергілікті қорғаныс функциясы бұзылып, вирустардың енуі оңайырақ болады.

Терінің күйін жақсы сақтау. Даладағы суық, жел және үй ішіндегі жылытудың әсерінен терінің жағдайы нашарлайды. Терінің қаншалық ылғал болуы тек дұрыс таңдалған кремге байланысты емес. Теріні ылғалдандыру ішкі ағзадан басталады, сондықтан күні бойы суды жеткілікті ішу керек.

Қыста қосымша салмақ қосу қаупі азаяды. Кейде адам шөлдеуді аштық сезімімен шатастыруы мүмкін, бұл шамадан тыс тамақтануға және кейіннен денсаулыққа байланысты мәселеге әкеледі.

Ағзаға су жетіспейтінін қалай түсінеміз?

Надежда Подкорытова дегидратацияның 6 негізгі белгісін атап өтті:

    қатты шаршау;
    ұйқышылдық;
    шөлдеу;
    зәр мөлшерінің азаюы;
    шырышты қабаттың құрғауы;
    терінің серпімділігі төмендеп, құрғақ болуы.
Сурет: ашық дереккөз 
23 маусым 2024 ж. 202 0