Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам салмағы көп болған сайын су ішу көлемі де артуы тиіс

Адам салмағы көп болған сайын су ішу көлемі де артуы тиіс

Денсаулық министрлігі адам ағзасына пайдалы болу үшін күніне қанша литр су ішу керек деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Таза судың ағзаға тигізетін пайдасы туралы іс жүзінде бәріміз де білеміз, Бірақ көпшілік суды тұтыну нормасын ұстанбайды. Су ағзадағы қоректік заттарды тасымалдайды және токсиндерді кетіреді. Дене температурасын реттейд. Майлау рөлін атқарады және буындарды шамадан тыс жүктемеден қорғайды. Ол біздің денеміздегі көптеген химиялық реакцияларға қатысады. Сонымен, күні бойы қанша су ішу керек?

Ересек адам тіпті қозғалмаса да тыныс алу, тағамды қорыту және терлеу арқылы күніне орта есеппен 1,5 -тен 2 литрге дейін су жоғалтады. Осы 1,5-2 литр судың орнын толтыру керек, — дейді мамандар.

Ыстық климаттағы өңірлердің спортшылары мен тұрғындары сусызданудан аулақ болу үшін одан да көп су тұтынуы керек екен.

Ғылыми ұйымдардың жалпы ұсыныстарына сәйкес дені сау ересек адамға дене салмағының әр килограмына күніне шамамен 35 мл су қажет. Салмағы 50 келі адам үшін күн сайын 1,7 л, 60 келі — 2,1 л, 70 келі — 2,4 л, 80 келі -2,8 л су қажет. Негізгі ереже: салмағы неғұрлым көп болса, соғұрлым көп су ішу керек.
09 қаңтар 2023 ж. 334 0