Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар тәулігіне қанша мөлшерде су ішу керектігін айтты

Мамандар тәулігіне қанша мөлшерде су ішу керектігін айтты

Дүние жүзі ғалымдары ағзада сұйықтықтың жетіспеушілігінен денсаулық нашарлайды деген ортақ пікірге келді.
Судың жетіспеуі бас ауруына, салмақ қосуға, терінің құрғауына, депрессияға әкеледі. Сондықтан су ішуге ерекше мән берген жөн.
Күніне суды қаншалықты көп ішсе, соғұрлым жақсы деген ережені ұстанған жөн бе? Әрине жоқ, бүйректі көп жұмыс істеуге мәжбүрлемеу керек, сондай-ақ шамадан тыс көп су ішу ісінуге алып келеді.
Дегенмен оның тәуліктік нақты нормасы жоқ. Тек медициналық норма бар: 1 кг дене салмағына тәулігіне 30 мл су. Яғни, дене салмағы 55 келі болатын адамға күніне 1,5 литр су ішу жеткілікті.
Алайда шөлді сезінген кезде аталған нормадан көп тұтынуға шектеу қойылмайды.
Мамандардың пікірінше, күнді бір стақан су ішуден бастаған жөн. Оянғаннан кейін бірден бөлме температурасындағы лимон тілімі қосылған 200 мл суды ішу арқылы ұзақ уақыт тыныққан ағзаны іске қосамыз.
Жарты сағаттан кейін таңғы ас ішуге болады, себебі су ас қорыту жүйесін дайындап қойды. Алайда тамақтану кезінде және тамақтанғаннан кейінгі жарты сағат ішінде су ішпеген жөн.
Су ас қорыту ферменттерін шайып, асқазан шырынын ерітеді, нәтижесінде ол бүкіл ас қорыту процесін баяулатады. Сондай-ақ спортпен шұғылдану кезінде үш литрдей су ішу туралы кеңестен сақ болған жөн.
Мұндай мөлшердегі сұйықтық ағзадан токсиндерді ғана шығарып қоймай, электролиттер мен микроэлементтердің тепе-теңдігін де бұзады. Көптеген диетологтар қажетті су мөлшерін анықтау үшін ағзаның сұранысына құлақ асу керек деген қорытындыға келді.
24.kz
04 желтоқсан 2020 ж. 336 0