Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Судың пайдасы туралы қаншалықты білесіз?

Судың пайдасы туралы қаншалықты білесіз?

Су- кез келген тіршілік иесі үшін аса қажетті нәрсе. Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Шын мәнісінде, мұнша су адам ағзасына неліктен қажет? Бұл сұраққа KAZ.NUR.KZ порталы muslim.kz басылымына сілтеме жасап жауап іздеп көрді.
Токсиндерді шығару
Дәрігерлердің дерегінше, адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі – біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі.
Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышымызға орай, судың көптігінен бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, зәрмен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше, ағзаңызды қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз.
Әмбебап еріткіш
Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Ағзадағы барлық заттар тек ерітінді түрінде. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Жүрек пен буынның саулығы
Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.
Буындардың қозғалуы әрі ептілігі
Әрбір буында буын сұйықтығы бар. Сол сұйықтықтың арқасында буын жылжып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.
Денедегі ткандердің қоректенуі
Қан – ағзадағы ткандерге оттегі мен қоректік заттарды әкелетін басты тасымалдаушы. Егер біз сұйықтықты аз ішетін болсақ, қан қоюланып қалады да, ең ұсақ буындар - артериол мен капиллярларға қиындық туады. Ал бұл буындар ағзадағы ткандерді қоректендіреді. Одан бөлек, оттегі мен қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін де су аса қажет.
Ас қорыту
Су ас қорыту жүйесіне аса қажетті элементтердің бірі. Судың көмегімен ас қорытылады. Ол тағамды қорытады, ал соңында керек емес заттарды шығаруға үшін де ішекте жеткілікті көлемде су болуы тиіс. Егер сіздің ішіңіз ауыратын болса, су ішу режиміңізге мән беріңіз. Өйткені, дәріге жүгіргеннен бұрын, су ішуді арттыру да жеткілікті болуы мүмкін.
Иммунитет және су
Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несіптің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді. Егер аз ауырғыңыз келсе суды көп ішіңіз.
Су дене температурасын реттейді
Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер сыртқа шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар. Өз ағзаңызға терлеу мүмкіндігін беріңіз. Бұл өте қажет. Ал ол үшін су ішу керек.
Су салмақ тастауға көмектеседі
Егер сіз салмақ тастауды мақсат етіп, диетаға отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі. Әрине, салмақ тастау үшін сізге жүгіріп, спортпен айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы қорытынды шығады.
Ми да суды қажет етеді
Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі – бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
Терінің әдемілігі сақталады
Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді! Әрине, тері тазалығын сақтау үшін түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін біле бермейміз. Мәселен суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.
Айта кететін жайт әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш бері, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз.
14 қаңтар 2020 ж. 946 0