Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су жайлы ең көп айтылатын өтіріктерді білесіз бе?

Су жайлы ең көп айтылатын өтіріктерді білесіз бе?

Судың адам өміріне пайдасы зор. Дегенмен оны тұтынудың өзінің ерекшеліктері бар. Sm-news.ru сайтына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ су жайлы ең көп айтылатын өтіріктердің тізімін ұсынады.
Күніне 2 литр су ішу қажет
Бұл адамдар арасында кең тараған өтірік. Бұл қағида адам ағзасының 90%-ы судан тұратыны анықталған кезде пайда болды. Негізінен әр адамның күндік су мөлшері әртүрлі. Ішетін судың мөлшері адамның дене салмағына қатысты белгіленеді. .
Спортты сусындар судың орнын баса алады
Көптеген спортшылар, салауатты өмір салтын ұстанатындар спортқа арналған сусындардың құрамында судан да пайдалы элементтер бар деп ойлайды. Алайда мамандардың сөзінше, спортты сусындар тек жаттығудан кейін пайдалы, қалған кездері қарапайым суды тұтынған дұрыс екен.
Өте көп су ішуге болмайды
Бұл қағида тек жартылақ өтірік. Бір жағынан көп су ішуге болады. Алайда еркіңнен тыс су ішу адамның миында жұтқыншақ рефлексін басатын механизмді іске қосады.
Жаттығу кезінде газдалған су ішу ағзадағы қанды көбейтеді
Көптеген адамдар газдалған судың ағзадағы қанның мөлшерін көбейтеді деген сенімде. Алайда ғалымдар одан керісінше қанның қоюланып, баяу ағатынын дәлелдеді.
https://kaz.nur.kz/1815115-su-zajly-e-kp-ajtylatyn-tirikterdi-bilesiz-be.html
08 қыркүйек 2019 ж. 1 070 0