Жазушы Мұхтар Мағауин өмірден өтті
Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, публицист, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55–те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)», деп жазды ол.
Айта кетейік, Мұхтар Мағауин - тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996).
1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында туған.
Еңбек жолын 1965 жылы бастаған. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары «Жазушы» баспасының бас редакторы болған.
1987 жылы еркін шығармашылық қызметпен айналысқан, 1988 жылдан бері «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, әдебиет зерттеушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
«Аласапыран» тарихи роман-дилогиясы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын алған. Қазақстанның Халық жазушысы, Түркияның Халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» сыйлығының сахибы.
Сурет: egemen.kz