2025 жылы Декларацияны кімдер тапсырады?

– Өздеріңізге белгілі, Салық кодексінің 71 тарауында жалпыға бірдей декларациялауды 4 кезеңге бөліп табыс ету міндеттілігі көзделген.
Жеке тұлғалардың жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша заңнамаға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар тапсырады. Сонымен қатар, сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және олармен теңестірілген кандидаттар, оған қоса банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар да декларация ұсынады. Айта кету керек, жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін міндетті декларациялау мен ерікті декларациялау құқығы сақталатын болады,- деді Асқар Сейдекәрімұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі