Күндізгі құс ұйқының ми жұмысына қандай пайдасы бар?

Костюктің айтуынша, тіпті 15-20 минуттық ұйқының өзі денені қайта белсенді қалыпқа келуге көмектеседі. Құс ұйқы - энергия деңгейін жоғарылатып, ағзаның бір сәтке демалуын айтарлықтай жақсартады.
"Бұл әдіс жұмыстағы стрестік күннен кейін тез қалыпқа келуге көмектеседі", - дейді психиатр.
Сондай-ақ психиатр шаршағаныңызды басып және күшіңізді қалыпқа келтіру үшін тыныс алу және релаксация жаттығуларын жасауды ұсынды. Оның ойынша, музыка тыңдау, кітап оқу, жақындарымен араласу, дене шынықтырумен айналысу денсаулыққа ұйқыдан да пайдалы болады.
"Бұл әдістер көп уақытты қажет етпейді, бірақ оларды тұрақты пайдалану өмір сапасын айтарлықтай жақсарта алады және тіпті жоғары стресс жағдайында да психикалық денсаулықты сақтауға көмектеседі", - деп қорытындылады дәрігер.
Сурет: massaget.kz