«Ас беру мәдениеті»: Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

Жиында Қызылорда облысы ардагерлері кеңесінің, ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ас беру мәдениетіне қатысты бірлескен Үндеуінен туындаған мәселелер жан-жақты айтылды.
Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шакизат Төребаев ас беру, жаназа шығару, зират салу, жалпы марқұм болған адамдарды жөн-жоралғыға сәйкес жерлеу мәдениетін халқымыздың дәстүрі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әдістемелеріне негіздеп, бір ізге салу аса маңызды екенін жеткізіп, облыстық ардагерлер кеңесінің Үндеуін қолдауға шақырды.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: қала әкімдігі