Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті

Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті

«Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласы «Достық» үйінде Қызылорда облыстық ардагерлер Кеңесінің кезекті Пленумы облыстық конференциясы ұйымдастырылды.
Конференцияны Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жүргізді.
Облыстық ардагерлер Кеңесінің кезекті І Пленумының күн тәртібінде қаралған «Мемлекет басшысының биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы мен Үндеуінен туындайтын тапсырмаларды жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттері мен республикалық ардагерлер ұйымының VIII съезінің шешімдерінің орындалу барысы туралы» бірінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев баяндама жасап, республикалық ардагерлер кеңесінің «Құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Нағи Ілиясов ауылы ардагерлер ұйымының төрағасы Төребек Жұмабекұлы, қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Қызылорда облысының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Арал ауданының құрметті азаматы, Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Айымбетов, Құрметті теміржолшы, Қызылорда теміржол бөлімшесінің магистралды жүйе мекемесінің директоры Ибрагим Басықараев ұсыныстарын айтты.
Конференцияның қорытындысында Мемлекет басшысының халыққа Үндеуі мен Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыруға облыстың ардагерлер ұйымдарының атсалысуы ұсынылып, баяндамада айқындалған, республикалық ардагерлер ұйымының VIII съезінің шешімдерінің орындалу барысы назарға алынуға қаулы қабылданды.

kyzylorda-news.kz
27 сәуір 2022 ж. 485 0