Қызылордалық ардагерлер Байқоңырда бас қосты

Қызылорданың әр өңірінен келген делегация мүшелері алдымен №277 мектеп-лицейді аралап, білім беру мекемесінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Жұмагүл Тілеуқабылованың ұстаздар мен шәкірттердің жетістіктері жайлы хабарламасына қанықты.
Сондай-ақ, сол мектепте Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Қарттарым – асыл қазынам» атты семинарға қатысты.
Семинардың алғы сөзінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев шараның өткізілу мақсатымен таныстырып, облыс әкімдігінің қолдауымен өткізіліп жатқан түрлі мәдени шаралар және басқа да игі істер жайында әңгімеледі.

Семинар соңында оған қатысушылар қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Ардагерлердің облыстық семинары одан әрі жұлдызды қалашықтың мәдени орындарымен және қалалық ардагерлер үйінің жұмысымен танысумен жалғасты