Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада әкелер арасында ерекше сауалнама жүргізілді

Қызылордада әкелер арасында ерекше сауалнама жүргізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалы әкелер арасында ерекше сауалнама жүргізді. Сауалнама мақсаты – бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын анықтау және әке мен бала арасында дұрыс ұстанымдар қалыптастыруға ықпал ету.

Зерттеу жұмыстарын Қызылорда облыстық филиалының психологы Үміт Мирқазықызы жүргізді. Бұл іс-шараға АХАТ бөлімінен туу туралы куәлік алуға өтініш берген жалпы 100 әке қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сауалдың нәтижесі бойынша, ер адамдардың басым көпшілігі балаға өзін «жақын дос» ретінде көрсететіні анықталған. Яғни, олар бала тәрбиесінде достық қарым-қатынасқа баса назар аударады.

Одан кейін жиі таңдалған жауап – «Арманшыл әке» нұсқасы болды. Мұндай жауапты 20 әке таңдаған. Бұл санаттағы әкелер бала тәрбиесінде қиялға, болашаққа деген үміт пен нақты мақсаттарға негізделген тәрбие беруге тырысады.

Филиалдың психологы Үміт Мирқазықызының пікірінше, мұндай сауалнамалар қоғамдағы әке рөлінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әкелердің жауаптары олардың бала тәрбиесіндегі ұстанымдарын, қарым-қатынас стилін және өз рөлін қабылдау ерекшеліктерін көрсетеді.

Бұл бастама қоғамдағы әкелердің рөлін нығайтуға және олардың балаларына жағымды үлгі болуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, мұндай зерттеулер отбасы институтын дамытуға және бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлін тең дәрежеде екенін түсінуге ықпал ететін құралдардың бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа туған нәрестеге алғашқы туу туралы куәлікке өтінішті тек сәбидің анасы ғана емес, әкесі де бере алады. Аталған қызметті ХҚКО арқылы және электронды үкімет порталы арқылы алуға болады.
28 қаңтар 2025 ж. 90 0