Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 4, 5, 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде республиканың батысындағы, солтүстігіндегі, шығысындағы ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан қар жауып, бұрқасын болады. Батыс өңірлерде де жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады.
Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, температура қолайлы болады деп болжанып отыр.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
"Түнде ауа температурасы батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендейді", - деп жазылған хабарламада.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай