Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндердің ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 26-28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері жауын-шашын, көктайғақ болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауқымды антициклон болады. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын, көктайғақ болады.
Ал 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болжанып отыр. Республика бойынша тұман болып жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Еліміздің оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін болады. 
Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбады.
25 қараша 2024 ж. 49 0