Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жаңбыр жауып, көктайғақ болады”: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады

“Жаңбыр жауып, көктайғақ болады”: Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.
"Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. деп күтіЕліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік боладыліп отыр", - делінген хабарламада.
07 сәуір 2023 ж. 351 0