Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, үсік және тұман: 4 сәуірде ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, үсік және тұман: 4 сәуірде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 4 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды  kaz.tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым аумағына антициклон жотасы өз әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, оңтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр жауады.
Республика бойынша оңтүстік–шығыста өте қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында екпіні 30 м/с және одан аса болатын қатты жел сақталады.
Түнде Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарында 1-6 градус суық сақталады.
04 сәуір 2023 ж. 290 0