Демалыс күндері күн райы қандай болады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 27-30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын – шашын, жаңбыр мен қар түрінде болады, еліміздің оңтүстігінде-жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді, көктайғақ, тұман болжанады, республиканың солтүстігінде 30 қазанда жаяу бұрқасын болады.
Температуралық фонға келетін болсақ, батыста, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында термометрлердің бағандары күндіз 3-15 жылы белгісіне жетеді, оңтүстік-батыста 12-20 жылы, солтүстік пен шығыста 2 аяз-8 жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 12-25 жылы күтіледі