Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысын тоқтатқан орталықтардың оқушылары үйірмелерге орналастырылуда

Жұмысын тоқтатқан орталықтардың оқушылары үйірмелерге орналастырылуда

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлердің үйірмелеріне қатысқан балалар бүгінде аумақтағы мәдениет үйлері мен клубтар, мектептердегі үйірмелерге тартылып жатыр. Облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығы жанынан арнайы штаб құрылып, аудандар мен Қызылорда қаласындағы мәдениет, спорт, білім салаларынан жауапты мамандар белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.
«Келісім шарт тоқтаған, жабылған үйірмелерге бұрын қатысқан балаларды білім, мәдениет, спорт мекемелеріне қамтудың бөлінісі жасалынды. Жабылған 415 үйірмеге 10247 бала қатысқан деген ақпарат бар. Зерделеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана нақты ақпарат айтылады. Десек те 10 мыңнан аса баланың жағдайын назарда тыс қалдырмаймыз. Олар мәдениет үйлері, орта мектептер мен оқушылар үйі, спорт кешендеріндегі тегін үйірмелерге қатысатын болады. Ол үшін әр бір ата-ана өзінің тұрғылықты мекен жайы бойынша баласын қауіпсіз саналатын мемлекеттік мәдениет үйі, клуб, оқушылар үйіндегі тегін үйірмелерге бере алады. Баласының құжаттарымен аталған мекемелерге хабарласуы керек. Біз қала аудандар бойынша бөліністі жасап ұсындық. Мәселен, Қызылорда қаласында 5356 бала бұрын жеке шығармашылық үйрмелеріне барған. Осыған орай, мәдениет үйлеріне 2000 баланы, орта мектептерге 1356 баланы қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Олар оқушылар үйіне және қаладағы көптеген спорт нысандарына қатынап, тегін білім ала алады. Осы сияқты жұмыстар аудандарда да жүргізілуде. Ата-аналармен тікелей байланысып отыратын арнайы жауапты мамандар да бекітілді,» - деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.
Айта кетейік, “Даму бала” бағдарламасы бойынша спорттық секциясымен 174 өнім беруші 16423 балаға қызмет көрсеткен. Қазіргі таңда зерделеу нәтижесінде 119 өнім берушімен келісім шарт бұзылып, 55 кәсіпкер 5000-ға жуық балаға қызмет көрсетуде.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 ақпан 2025 ж. 25 0