«DAMU BALA» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Спорттық үйірмелерге зерделеу жұмыстарын жүргізгенде нысан ішінде жуыну бөлмелері, киім шкафтары жабдықталмағаны және жылы судың болмауы анықталды. Осындай кемшілік жіберген 42 өнім берушімен келісім шарт бұзылды. 25 кәсіпкер қызметін тоқтатуға өз өтінішін берді. Бүгінде 111 өнім беруші жұмысын жалғастыруда. Ата-аналардан түсіп жатқан түрлі шағымдар бойынша тиісті шаралар қолға алынуда», - деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаев.
Сонымен қатар, бейнебақылау камералары орнатылмаған, 30 күндік сақтау жады жоқ, басқа аудан балаларын заңсыз тіркеу фактілері орын алған. Өрт қауіпсіздік талаптары сақталмаған, өрт дабылы қондырғысы жұмыс жасамайды, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.
Зерделей келе, шығармашылық үйірмелер бойынша 600,0 млн.теңге, ал спорттық секциялардан 2 млрд 603 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды. Бүгінгі күнге мәдениет бағыты бойынша 18474 бала, спорт бойынша 12278 баланы қамтиды.
Айта кету керек, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтың құрамы жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлерімен қайта жасақталды. Жаңа құрам қала және аудандардағы шығармашылық және спорттық үйірмелердің жұмысын қатаң зерделеуде.