ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРДЫҢ САНЫ АРТАДЫ

-Облыстық білім басқармасы Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы 9 сыныпты бітірушілердің жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша білім алуға ниетті жастарды 100 пайызтегін кәсіптік біліммен қамту жоспарланған болатын. Осыған орай, келесі жылға республикалық бюджеттен 2200 орын, жергілікті бюджеттен 3108 орын, барлығы – 5308 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр, - деді Бағдат Бердәулетов.