Арал теңізінің жандануы – ел экономикасының дұрысталуы
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739203571_1.jpg)
Судың көптеп келуі тек теңіз көлемін арттырып қана қоймай, аймақтың климатына оң әсер етіп, тұрғындар үшін үлкен көмек. Өйткені, жергілікті халықтың балық шаруашылығы күнкөріс көзіне айналған.
Мәліметтерге қарап отырсам, бүгінде теңізде балықтың 22 түрлі кездеседі екен. Бұл дегеніміз, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының көбеюіне мол мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде аймақ экономикасының жандануына ықпал етеді.
Аралда су көбейсе, көгалдандыру жұмыстарының да жанданатыны анық. Бұл бойынша біраз игі істер қолға алынып жатыр екен. Бұл, аймақтың климатын жақсартып, экожүйенің тұрақтануына көмектеседі.
Ерғали Әуелхан,
Satbayev university Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай-газ» ісі институты директорының міндетін уақытша атқарушы,
«Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы» кафедрасының меңгерушісі
Satbayev university Қ.Тұрысов атындағы «Геология және мұнай-газ» ісі институты директорының міндетін уақытша атқарушы,
«Гидрогеология, инженерлік және мұнай-газ геологиясы» кафедрасының меңгерушісі