Цифрландыру – мемлекеттік қызметтерді жаңа деңгейге көтеретін қуатты құрал
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739256441_5.jpg)
Бұрын құжат рәсімдеу үшін ұзын-сонар кезекте тұру қалыпты жағдай болса, қазір eGov порталы арқылы небәрі бірнеше минут ішінде қызмет алуға болады. Смартфон арқылы анықтама алу, биометриялық сәйкестендіру, QR-қолтаңба сияқты технологиялар процестерді оңтайландырып, қауіпсіздікті күшейтуде. Бұл әсіресе ірі қалаларда өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Алайда, цифрландыру тек мегаполистердің артықшылығы болып қалмауы тиіс. Ауыл-аймақтарда да интернет инфрақұрылымын дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру – маңызды қадам. Себебі цифрлық мемлекет – баршаға тең мүмкіндіктер беретін мемлекет. Цифрландырудың басты мақсаты – азаматтардың өмірін жеңілдетіп, кез келген қызметке жылдам әрі ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ендеше, осы өзгерістердің игілігін барша қазақстандықтар көруі үшін жаңа мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдаланайық!
Нұрлан Құлмырзаев,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің
Жасанды интеллект институтының директоры