Жалған белгі тағып алған жүргізуші жауапқа тартылды

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Б. 24 қаңтар 2025 жылы Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі бойында «Hyundai Sonata» маркалы автокөлігін көрiнеу жалған мемлекеттік белгісін тағып басқарған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты