Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Cиноптиктер жұма, 14 ақпанда республикамыздың басым бөлігінде ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Болжамға сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстігінде, орталығында – көктайғақ болады, - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.


Сурет: Нұрболат Нұржаубай 
14 ақпан 2025 ж. 92 0