Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 наурыздан бастап не өзгереді

1 наурыздан бастап не өзгереді

Қазақстандықтардың өмірінде 1 наурыздан бастап не өзгереді. BAQ.KZ тілшісінің шолуына назар аударайық.

14 күн демалыс
Биыл наурызда қазақстандықтар екі апта демалады.
Наурыздағы мерекелер
Көктемнің алғашқы айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.
8 наурыздағы демалыс күндері
  • Халықаралық әйелдер күніне байланысты аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады.
  • Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурыз күндері демалып, 10 наурызда жұмысқа шығады.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.
Наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.
III тоқсан аяқталады
ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.
“Сергектің” жұмысы тоқтайды
13 наурызда “Сергек” бейнебақылау камерасының жұмысы аяқталады. Оның орнына жасанды интеллектке негізделген жаңа жүйе іске қосылады. Оны G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясы (БАӘ) жүзеге асырады. 
Заңсыз смартфондар бұғатталады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізеді.
Жаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:
  • Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығы;
  • IMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауы;
  • Құрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгені.
Бұл өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде "ақ тізімге" енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.
Қазақстанда бұрыннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.
Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады.
Толығырақ мына жерден оқыңыз. 
Жұмысшы мамандар баспаналы бола алады
“Наурыз жұмыскер” ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылдау 17-ші наурыздан басталады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, бағдарламаның тетіктерін түсіндірді. Биыл 2 мың 440 жұмысшыға 72 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларындағы жұмысшыларды қамтымақ.
Әлеуметтік осал адамдар үшін несиелеу мөлшерлемесі - 7 пайыз.
Қалған санатқа 9 пайызбен несие беріледі.
Таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді алу үшін 10 пайыз алғашқы жарна құю қажет. Ал әрленбеген бастапқы тұрғын үй мен қайталама тұрғын үйді алу үшін 20 процент алғашқы жарна болу керек.
Пойыздар жаңа бағытқа қатынайды
1 наурыздан бастап Балқаш – Алматы, Алматы – Балқаш бағытындағы жаңа пойыз қатынайды.
Пойыз қозғалысының кестесі:
  • Балқаш – Алматы: жұп сандар бойынша жөнелту 07:52,
Алматыға келу – 00:58.
  • Алматы – Балқаш: тақ сандармен 00:10-да жөнелту,
Балқашқа 15:03-те келу.
Жол жүру уақыты 17 сағаттан сәл асады.
Билет тағы қымбаттайды
1 наурыздан бастап пойыз билетінің құны 7 пайызға өседі.
“Жолаушылар тасымалы” АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды.
“Наурыз” бағдарламасы басталады
"Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы келесі жылдан бастап қолжетімді шарттармен жұмыс істейтін болады. Бұл азаматтардың қаражатын үнемдеуге және тұрғын үй сатып алуды тиімдірек етуге мүмкіндік береді.
Енді таза әрлеудегі пәтерді таңдай отырып, заем сомасының небәрі 10% мөлшерінде, бірақ 2 миллион теңгеден кем емес бастапқы жарнаны депозитке салу жеткілікті болады.
2025 жылы "Наурыз" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау мемлекеттік сыйлықақы Отбасы банк салымшыларының шоттарына есептелгеннен кейін басталады деп күтілуде. Дәстүр бойынша жинақ шоттарына мемлекеттік сыйлықақы ақпан айында түседі.
Қытай, Вьетнам және Египетке жаңа әуе рейстері ашылады
Air Astana әуе компаниясы Қытайға бағытталған рейстер желісін кеңейтіп, Гуанчжоуға жаңа рейс қосады. 2025 жылдың 30 наурызынан бастап Airbus A321LR ұшақтары бұл бағытта аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері ұшады.
Сондай-ақ компания көктем-жаз маусымында Фукуок аралына ұшатын рейстердің орнына Нячангқа рейстер орындайды. 2025 жылдың 30 наурызынан бастап Алматыдан Нячангқа ұшақтар аптасына төрт рет – сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Астанадан Нячангқа рейстер 31 наурыздан бастап жүзеге асырылады, олар дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.
Кейбір айыппұлдар өседі
2025 жылдың 13 наурызынан бастап Қазақстанда еңбекті қорғау, дербес деректерді қорғау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және валюта айырбастау ережелерін бұзу сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мөлшері ұлғайтылады. Мәселен, дербес деректерді қорғау заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар бірнеше есе өседі.  
Лауазымды тұлғалар, жеке нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары, шағын кәсіпкерлік субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл 20-дан 60 АЕК-ке дейін өседі. Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 30-дан 100 АЕК-ке, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 70-тен 200 АЕК-ке дейін артады.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабына «Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы» бойынша өзгерістер енгізілді. Енді, егер лауазымды тұлғалар бір жыл ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды қайталаса, оларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұл өзгерістер дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың алдын алуға бағытталған. 
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайтылады. 
Лауазымды тұлғалар, жеке нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар, заң консультанттары, шағын кәсіпкерлік субъектілері және коммерциялық емес ұйымдар үшін айыппұл 20-дан 60 АЕК-ке дейін өседі. Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 30-дан 100 АЕК-ке, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 70-тен 200 АЕК-ке дейін артады.
Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабына "Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы" бойынша өзгерістер енгізілді. Енді, егер лауазымды тұлғалар бір жыл ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды қайталаса, оларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады...
Қасиетті Рамазан айы басталады
Рамазан айы 1 наурызда (сенбі) басталып, 29 наурызға (сенбі) дейін жалғасады. Ораза 29 күнге созылып, 29 наурызда аяқталады. 30 наурызда мұсылмандар Ораза айт мерекесін атап өтеді. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түн – қасиетті Қадір түні (Ләйлатул Қадр).
2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осы мерейтой аясында елімізде және шетелде 150-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.  
Футболдан Қазақстан чемпионаты басталады
Қазақстан чемпионаты 1 наурызда басталады. Алғашқы матч «Ақтөбе» мен «Қайрат» клубтары арасында өтеді. Бұл кездесу Қазақстан Суперкубогы аясында «Астана Арена» стадионында ұйымдастырылады.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
22 ақпан 2025 ж. 56 0