Несие алуға қоңырау арқылы тыйым салуға болады

Қалай жұмыс істейді?
1414 нөміріне қоңырау шалыңыз (тегін);
Тілді таңдаңыз: қазақша
"Несиеге тыйым салу" деп айтыңыз;
Дыбыстық белгі берілгеннен кейін ЖСН енгізіңіз;
SMS-код алып, әрекетті растаңыз.
Осыдан кейін сіз:
Несие алуға тыйым қоя аласыз;
Қажет болған жағдайда оны алып тастай аласыз;
Қызметтің мәртебесін біле аласыз.
Бұл қызметті Бірінші несие бюросы мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бірлесіп іске қосты.
Ол смартфон қолданбайтын немесе интернетке қолжетімділігі шектеулі азаматтар үшін өте пайдалы болмақ.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай