Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Оразада нені білу қажет?

Оразада нені білу қажет?

Ораза – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде Ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шанақтан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Ораза ұстап жүргенін біле тұра қасақана тамақтану және темекішегу. Егер ораза ұстаушы әдейі бір нәрсе жесе немесе ішсе, темекі шексе, онда оның сол күнгі оразасы қабылданбайды. Бірақ, егер ол қасақана емес, байқамай жеп қойса, ол адам ораза ұстап жүргенін есіне түсіре салысымен тамақты немесе суды ішуін тоқтатуы керек. Ол оразасын осылай жалғастырса, ораза бұзылмайды.
Төсек қатынасына түскен жағдайда. Жыныстық қарым-қатынастан кейін ораза ашылады. Ерінге ерін тигізіп сүйісу, сондай-ақ саналы түрде жыныстық қатынасқа түсу оразаны бұзады.
Мұрын және құлаққа дәрі тамызу. Ораза ұстаған адам мұрынға немесе құлаққа тамызатын арнайы дәрі-дәрмектерді пайдаланған кезде, ол көмейге түсетін болса онда ораза бұзылады. Бірақ, көктамыр немесе бұлшық етке салынатын инъекциялар, сондай-ақ көз тамшылары оразаны бұзбайды.
Тамақты шаю кезінде сұйықтық жұтып қою. Ораза ұстағанда, тамақты емдік мақсатта немесе жай сулау үшін шайған кезде аса сақ болу керек. Себебі, ішіңізге су кетсе оразаныңыз бұзылады. Дегенмен, ораза ұстаған адамға суға шомылуға және ваннаға түсуге рұқсат етіледі, бірақ мұрын қусысы мен тамаққа және құлаққа сұйықтық кіріп кетпеуі керек.
Медициналық ингаляторларды қолдану. Ораза кезінде мүмкіндігінше ингалятор қолданудан аулақ болу керек.
Әдейі құсу. Егер, ораза ұстаушы адам құсуды қасақана тудырса, онда оның оразасы бұзылады. Егер, ол өз қалауымен құспаса, онда оразасы жарамды болады.
Етеккір келгенде. Күндізгі уақытта әйелдерге етеккір келген жағдайда, ол ораза ұстауын тоқтатады. Ол бұл күндерді айдың аяғында өтеуі керек.
Ораза ұстаудың артықшылықтары
Ислам дініндегі бұл парыз оны ұстайтын сенушілердің қадір-қасиетін аттырады.
Біріншіден, ораза адамдарды жұмақ бақшасына кіргізетін кілт болмақ. Ол жайлы Пайғамбар (с.а.с) былай деген: «Шынында, жұмақта «Ар-Райян» деп аталатын қақпа бар. Қиямет күні келгенде қақпадан ораза ұстағандар ғана кіреді. Бұл қақпа арқылы басқа ешкім кірмейді».
Екіншіден, ораза қиямет күнінде мұсылманның шапағатшысы болады. «Қиямет күнінде Ораза және Құран Кәрім Аллаһтың құлы үшін шапағат етеді» деген хадис бар (Ахмед хадисі).
Үшіншіден, ораза күнәлардың кешірілетін айы. Сонымен қатар, Жаратушы ораза ұстаған мүміндердің барлық тілегін қабылдайды делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаған адамның ауыз ашу кезіндегі дұғасы ешқашан кері қайтарылмайды» деген болатын.

Фото: kyn.kz
01 наурыз 2025 ж. 27 0