Су айдындарындағы сақтық жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Соңғы жылдары аудандағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғалардың орын алып жүргені өздеріңізге мәлім. Оқыс-оқиғалардың алдын алу мақсатында, қыс, көктем мезгілдеріндеаудан балықшылары Кіші Арал теңізі №2 учаскесінде балық аулау жұмыстары кезінде кауіпсіздік ережелерін қатан сақтауды, учаске қорықшысының рұқсатынсыз су айныдындарына шықпауды, қыс мезгілінде су айдындарында жүру ережелерімен нұқсаулық өтуді, балық аулауға рұқсат қағаздарын, балықшы күәлігін рәсімдеу үшін мекеменің әкімшілік ғимаратына жолығуды сұраймын. Сонымен қатар, тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын, жағалаудың тазалығына назар аудару және заңсыз балық аулауға тиым салынатындығын ескерулеріңізді сұраймын! Табиғат байлықтарын қорғайық! Тіршілік көзі саналатын су айдындарын таза ұстайық!
С.Г.Алибаев,"Камбала-Балық" Балықшылар Өндірістік Орталығы"
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры
Сурет: Нұрболат Нұржаубай