Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз балық аулаған 339 азаматқа айыппұл салынды

Заңсыз балық аулаған 339 азаматқа айыппұл салынды

Өңірде «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы басталғалы 214 заңбұзушылық анықталды. Оның 5-і қылмыстық іс ретінде танылып, ішкі істер органдарына жолданды. Ал жыл басынан бері балық аулау ережесін бұзған 151 азаматқа айыппұл салынды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров мәлімдеді.
-Уылдырық шашып көбею мезгілінде балық аулауға қатаң түрде тыйым салынады. Алайда облыс тұрғындары ескертуге мән бермей, заңбұзушылық әрекеттерге жол беруде. Дәлірек айтсақ, «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы барысында 209 әкімшілік хаттама толтырылып, 54 әкімшілік іс сот органдарының қарауына жіберілді. Балық аулау ережесін бұзған азаматтардан 4 тонна 2861 кг балық пен 90 дана аулау құралы тәркіленді. Сонымен қатар қала аумағындағы су айдындарын қоқыстардан тазалау мақсатында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізілген болатын. Нәтижесінде, 44 тоннаға жуық әртүрлі қоқыс пен суға тасталған 494 дана қалдық шығарылды. Табиғатты қорғау аясында өткізілетін барлық іс-шаралар әрі қарай жалғаса береді, - деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.




30 маусым 2022 ж. 477 0