Аралда заңсыз балық аулаушылар саны азаймай тұр

«Жыл басынан балық аулау ережесін бұзғаны үшін 217 жеке тұлғаға айыппұл салынып 94% өндірілді. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 120 тұлғадан 6 635,2 мың теңге талап етіліп, 2 66,3 мың теңге өндірілді. Осы заңсыз балық аулауды болдырмау мақсатында Арала-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы иснпекциясы тарапынан үгіт- насихат, күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді. «Таза су айдындары-2021» акциясы аясында Кіші Арал теңізінде тралдау жұмыстары жүргізіліп, жағалаулар қоқыс қалдықтарынан тазартылды», – дейді Арал балық инспекциясының бас маманы Алмат Ералин .
«Уылдырық-2021» акциясы 1 мамыр мен 10 маусым (қоса алғанда) аралығында балықтардың уылдырық шашу мезгілінде балық аулауға тыйым салынып, балықшыларға үгіт-насихаттар жүргізілді.
Балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде, балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:
- кәсіпшілік балық аулау;
- әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
- Ғылыми-зерттеу үшін аулау;
- бақылау үшін аулау;
- мелиорациялық аулау;
- өсімін молайту мақсатында аулау;
Жоғарыда көрсетілген балық аулау түрлері және оның жолдары туралы халық арасында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әрдайым жүргізіліп келе жатса да заңсыз балық аулаушылар саны азаймай тұр.
kyzylorda-news.kz