Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз балық аулағандарға 7,5 млн теңге айыппұл салынды

Заңсыз балық аулағандарға 7,5 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Бәйкенов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Каспий маңындағы үш облыстың аумағында жыл сайынғы заңсыз балық аулаудың жолын кесуге арналған акция барысында 471, оның ішінде 318 заңсыз аулау, 21 балық өнімдерін тасымалдау, 30 сатып алу немесе өткізу бойынша заңсыз деректер анықталды. 385 құқық бұзушы ұсталды. Заңсыз айналымда 18,6 тонна, оның ішінде 1,6 тонна бекіре тұқымдас және 1 келу уылдырық тәркіленді, - деді ол.

Бәйкенов атағандай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру 54 дерегі бойынша жүргізілді.

Заңсыз жолмен келген мүлікті сатып алу немесе өткізудің 11 дерегі анықталды. Бұл ретте 11 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сонымен қатар 410 адам әкімшілік құқық бұзуға тартылып, 7,5 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Мұндай іс-шараны тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. Тұрғындарды заңсыз балық ауламауға шақырамыз, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Бәйкенов.

baq.kz
17 маусым 2022 ж. 340 0