Балық қорын сақтап, қорғап және қамқорлық жасау – баршаның міндеті

Арал балық инспекциясы қыс мезгілінде балық шаруашылығымен айналысушы тұрғындардың қәуіпсіздігін сақтау, мұз қататын уақыттарда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды. 2024-2025 жылдың қыс айларында Арал балық инспекциясы қызметкерлері табиғат пайдаланушылар мен бірге Арал ауданына қарасты елді мекен тұрғындарына мұз қауіпсіздігін және «Балық аулау қағидаларын» қатаң сақтауға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Су айдындарында мұз қатқан кезінде балықтарға ауа жетіспеуіне байланысты тікелей қатер төнеді яғни, алдын алмаған жағдайда балықтардың өліміне әкеліп соғады. Сол себепті, балық өліміне жол бермеу және алдын алуға тиісті шаралар мен үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, қаңтар айының 1-ші онкүндігінде Қамыстыбас, Примор және Ақшатау көлдер жүйелеріне де мұз қату кезінде су алу деңгеймен су маржандарының тыныс тіршілігін ауаландыру мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, Приморский, Ақшатау көлдер жүйесіне ағымдағы жылдың қаңтар,ақпан айларында мұз ойықтары ойылып, бау қамыстар қойылып, аэрациялықжұмыстар жүргізіліп және оттегімен қамтамасыз етілді.
Арал ауданы бойынша қазіргі таңда, Сырдария өзенінен Кіші Арал теңізіне секундына 140-текше метр су түсіп жатса, соның секундына 80-текше метр суы Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесіне құйылуда.
Арал ауданындағы барлық табиғат пайдаланушыларымен балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарында немесе учаскелердің қауіпті аймақтарына белгі қою жұмыстары жүргізілді.
Аймақтағы су айдындарында, мұзда және балық аулау барысында қарапайым қауіпсіздік ережелерін естен шығармаған абзал. Сонымен бірге балық қорын сақтап, қорғап және қамқорлық жасау – баршаның міндеті екенін ұмытпайық.
А.Ералин,
Арал балық инспекциясы
бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы
Фото: zhalagash-zharshysy.kz