Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты аймақта жол жабылады

Алты аймақта жол жабылады

Еліміздің 6 өңірінде республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін жол жабық. Қызылорда шекарасынан Ақтөбеге дейін, одан әрі Қандыағаш, Шалқар, Ресей шекарасына дейінгі аралықта да көлік жүруге тыйым бар. Жезқазған мен Қарағандының арасында да бұрқасын соғып, шектеу қойылған.

«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 558 арнайы техника мен 1 220 маман жұмылдырылды», деп хабарлайды ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
06 наурыз 2025 ж. 78 0