Тоғыз өңірде жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республикалық маңызы бар автожолдардың 17 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Түркістан мен Ұлытау облыстарында көлік қозғалысына тыйым салынды. Автожолдардың 8 учаскесіндегі бөгет бекеттерінде 5 мыңнан астам көлік тұралап қалған.
"Қазавтожол"-дың хабарлауынша, адамдар тамақпен қамтамасыз етілді. Қазір республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазартуға 476 бірлік техника мен 800-ге тарта маман жұмылдырылған. Облыстық маңызы бар жолдарда да қозғалыс шектелді. 27 учаскеде жол жабық.

Фото: egemen.kz