Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді

Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бірқатар жол уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 07:10-да Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының бір бөлігі мен Қарағанды облысының бір бөлігінде жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» а/ж 776-965 км, Ақтөбе учаскесі – Қарабұтақ ауылы, автокөліктің барлық түріне арналған жол жабық тұр.

Қарағанды облысы бойынша «Екатеринбург – Алматы» тасжолы 1505-1854 км, Жұмабек ауылы – Балқаш учаскесі, көліктің барлық түріне арналған жол жабық.
06 наурыз 2023 ж. 261 0