Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыз болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

    «Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын жаңбырдан кейін Арал қаласының көшелерін су басты.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: inbusiness.kz
10 наурыз 2024 ж. 197 0