Қызылорда облысында жол жабылды

Белгілі болғандай, өңірде қарлы боран және нөлден төмен температура орын алған.
Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" АҚ Қызылорда облысы филиалы тарапынан Астана қаласы уақытымен 29 қаңтар түнгі 01:50-ден бастап республикалық маңызы бар „Самара-Шымкент“ автомобиль жолының 1940-2055,5 шақырым аралығына барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Ол Шиелі ауданынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 29 қаңтарда елімізде ауа райы тұрақсыз болады деп болжам жасаған болатын.
Фото:ашық дереккөз