Қызылордада қалың қар жауып, жолдар жабылды

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті мәлім етті.
Департаменттің хабарлауынша, бүгін, 23 қаңтарда елорда уақытымен 12.15-тен бастап «Самара – Шымкент» автокөлік жолының 1912-2057 шақырымы аралығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
«Ол Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралықты қамтиды. Жүргізушілерге жолда абай болып, жол ережесін сақтауын сұраймыз. Жылдамдықты асырмай, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ескертеміз», – деді аталған ведомстводан.
«ҚазАвтоЖол» АҚ ҰК облыстық филиалының мамандары жолдың аталған аумағын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оған қажетті техникалар жұмылдырылуда.