Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Отбасы банктің» сыйлықақысы

«Отбасы банктің» сыйлықақысы

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйе­сін жүзеге асыратын бірден-бір банк – «Отбасы банк» клиенттерінің жинақ шот­тарына жақында тың қаражат түсті. 2024 жылдың қорытындысы бо­йынша тұр­ғын үйлеріне ақша жинап жүрген 2 134 279 отандасымыз «Отбасы банкіндегі» депо­зиттеріне мемлекеттік сыйлықақы алды.

Мемлекеттік сыйлықақыны алушының орташа жасы – 35. Бұл еліміздің жас тұрғындары, өскелең ұрпақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне сенеді, тұрғын үй мәселесін шешуде осы құралды таңдайды деген сөз.

Мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомасына есептеле­ді. 2024 жылы 1 АЕК 3 692 теңгеге тең болды. Бұл сыйлықақы алуға жарамды ең жоғары сома 738 400 теңгені құрағанын білдіреді. Заңға сәйкес, сыйлықақы төлеуді мемлекет қамтамасыз етеді. Осылайша, ол азаматтарына тезірек ақша жинап, қолжетімді шарттармен баспана мәселесін шешуге септігін тигізеді.

Мемлекеттік сыйлықақы бұрын үстіне аталған сыйлықақы қосылмаған жинақтарға ғана аударылады. Яғни, биыл жинақталған қаражат пен өткен жылы сыйлақақы қосылмаған жинақтардың қалдығы есепке алынады. Егер өткен жылы депозитте жинақталған сома 200 АЕК-тен асып кетсе, онда сыйлықақысыз қалған айырма сома мемлекеттік сыйлықақыны есептеу кезінде еске­ріледі. Егер бір салымшының банкте бірнеше салымы болса, онда мемлекеттік сыйлықақы олардың біреуіне ғана есептеледі.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары мемлекеттік сыйлықақы көлемі 157 280 теңгеге тең болады. Оған қол жеткізу үшін салымшылар «Отбасы банкіндегі» шотқа кемінде 786 400 теңге (200 АЕК) жинақтап, ай сайын депозиттерін шамамен 65 533 теңгеге толықтырып отыру тиіс. Мемлекеттік сыйлықақы мен банк сыйақысын қосқанда, «Отбасы банк» депозиттерінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға жетеді.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай
12 наурыз 2025 ж. 107 0